Ізденіс пен шығармашылыққа толы 40 жыл » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты,Қоржынбай бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты, Қоржынбай бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2022

Ізденіс пен шығармашылыққа толы 40 жыл

Назгүл Қызайбайқызы-
аудандық білім бөлімінің
білім беруді дамытудың
оқу-әдістемелік орталығының
аға әдіскері




Iзденіс пен шығармашылыққа толы 40 жыл

Еліміздің көркейіп – гүлденуі және өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрініс табады. Ертеңгі күннің бүгіннен де нұрлы, жарқын болуы- білімді, дарынды, талантты жастардың қолында. Осындай бәсекеге қабілетті, өзіндік көзқарасы қалыптасқан жас буынды тәрбиелеу - киелі білім ордасы - мектептің үлесінде. Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя.
Осындай талай қыранды қанаттандырып, талай ұланды ұясынан ұшырған Қаблиса жырау атындағы орта мектебінің іргесі қаланғанына 40 жыл толып отыр. Қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан білім ордасы осы жылдар ішінде мыңдаған шәкірттің жүрегіне нұр құйып, түлетіп ұшырды. Бүгінде солардың жеткен жетістіктеріне, шыққан биіктеріне, атқарған игі істеріне сүйсініп, кейінгі оқушыларға үлгі етіп отырған киелі білім ордасы өсу-өркендеу жолында талай табысты сәттерді бастан кешті.
Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің ролі-шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Қаблиса жырау атындағы орта мектебінің ұжымы- осы талап үдерісінен шығып жүрген ұжымдардың бірі.
Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екендігі белгілі. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Осы бағытта мектепте жоспарлы түрде іс-шаралар атқарылып жатыр. Мектептегі 7 мұғалім деңгейлік курстан, 20 мұғалім жаңартылған білім мазмұны, 2 мұғалім үштілділік бойынша білім жетілдіру курстарынан өтсе,мектеп директоры білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтынан 9 айлық курста өз білімін жетілдіріп қайтты. Ұстаздар аудан,облыс,республика көлемінде өткен түрлі әдістемелік іс-шараларға, семинарларға, конференцияларға, педагогикалық оқуларға қатысып, іс-тәжірибелерін таратып, шеберліктерін шыңдау үстінде.
Өнегелі шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, бәсекеге қабілетті маман даярлау жолында аянбай тер төгіп, бүгінгі заман талабына сай кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп, оқушысының рухани өсуіне жағдай туғыза білетін мектеп ұжымы жыл сайын аудан, облыс, республика көлемінде өтіп жатқан байқауларда жүлдегер атануда.



Қаблиса жырау атындағы орта мектептің білімі мен білігі тең, ой-өресі биік, ұлттық дәстүрге бекем ұстаздары мен олардың өнімді өнегесі мен тәлімді тәрбиесін алған шәкірттердің әлі талай буыны білім ордасының абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктете берері сөзсіз.
Құрметті Қаблиса жырау атындағы орта мектептің ұжымы!
Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштаудағы, білім сапасын арттырудағы игі бастамаларыңызға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз!
Әрбір оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!