"Мың бала" олимпиадасы » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты,Қоржынбай бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты, Қоржынбай бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2022

"Мың бала" олимпиадасы

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына тіркеу 19 ақпанда басталады.

Олимпиадаға қатысу үшін 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында тіркелу қажет. Тіркеу 2022 жылдың 19 ақпанынан 20 наурызына дейін жалғасады.

«Мың бала» олимпиадасына соңғы екі оқу жылында Қазақстанның ауылдық мектептерінде білім алып жатқан 5 және 6 сынып оқушылары ғана қатыса алады.

Олимпиада қорытындысы бойынша ел бойынша 1000 жеңімпаз анықталады. Олар еліміздің жетекші мектептерінде - Республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады, тағы 5000 оқушы қосымша сабақтарды онлайн оқиды.

Оқушылар дайындалу үшін бірінші және екінші кезең тапсырмаларының үлгісі дайындалды, оларды 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүктеп алуға болады.

Жобаға қатысты туындаған сұрақтар бойынша 8 800 080 4848 нөміріне қоңырау шалып, жауап ала аласыз. Қоңырау шалу тегін.

#1000бала #elbasy_academy