Бейне-сабақтар байқауы » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты,Қоржынбай бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты, Қоржынбай бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2021

Бейне-сабақтар байқауы

«Ескелді ауданы әкімдігінің Қаблиса жырау атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қашықтық форматында сабақ өткізу жағдайына байланысты орта білім берудің барлық пәндері бойынша мектепшілік бейне-сабақтар байқауын өткізеді.
2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Байқаудың мақсаты-қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін қазіргі заманғы білім беру технолгиялары мен әдістемелерін пайдалана отырып, логопед-мұғалімдер арасында үздік бейне сабақтарды іріктеу.
. Конкурстың міндеттері:
-қашықтықтан оқыту жағдайында сабақ өткізу кезінде әдістемелік көмек көрсету;
-Қаблиса жырау мектебінің виртуалды білім беру кеңестігінде үздік бейне-сабақтар банкін құру;
3.Конкурстық жұмыстардың критерийлері мен бағасы
1)тақырыпқа сәйкестігі;
2)сабақ тақырыбын ашудың толықтығы;
3)сабақты өткізу сапасы;
4)конкурстық материалдың мазмұны (жұмыс көлемі,қосымшалардың болуы);
5)рәсімдеу және түсіру сапасы;
6)өзіндік ерекшелігі;
7)шығармашылық даралықтың көрінісі;
8)болашақта материалды кеңінен пайдалану мүмкіндігі;
Әрбір критерий бойынша 0-ден 2 баллға дейін беріледі (0 балл-бағалау критерийі көрсетілмеген,1 балл-ішінара көрсетілген,2 балл- толық көрсетілген).
5.Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Байқау 1 кезеңде өткізіледі.
Бірінші кезең- мектепшілік 2021 жылғы 01 ақпан мен 20 аралығында.
Конкурстың мектепішілік кезеңіндегі үздік жұмыстың сілтемесі ұйымдастыру комитетіне, сондай-ақ сараптамалық комиссия отырысының хаттамасына (әрбір критерий бойынша балдармен) электрондық түрде жіберіледі.
Байқау қорытындысы мектептің білім беру сайтында жарияланады.
6.Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар
Мазмұны:
-конкурстық жұмыс мазмұнының конкурс бағыттарына сәйкестігі;
-ҚР МЖМБС,оқу бағдарламаларына,оқулықтарға сәйкестігі;
-арнайы терменология мен белгілерді дұрыс қолдану.
Бейнематериалдардың техникалық сипаттамалары:
-минималды өлшем(720х480)арақатынасы(16:9);
-формат*.mp.;
-бейнематериалдың хронометражы 15 минутқа дейін.
Аудио және бейне мазмұнды басқа өндірушілердің авторлық құқықтарын сақтау
7.Қаржылық шығындар
Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға жүлделі орындар және алғыс хаттар тағайындалады.