Тарих тынысы » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты,Қоржынбай бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты, Қоржынбай бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2022

Тарих тынысы

ТАРИХ ТЫНЫСЫ
Салкеева Светлана Асылбековна
мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ауылдың көне көз ақсақалдарымен ой бөлісіп, ауылдың тарихы туралы мәлімет жинау барысында, 1949 жылы , 20 оқушыс санымен 7 жылдық шағын жинақты мектеп жұмысын атқарғаны,
3 мұғалім жұмыс істеген, мектеп басшысы болып Друзяки А.Н міндетін атқарғаны анықталды.
1979 жылға дейін 8 жылдық Д.Фурманов атындағы мектеп жұмысын атқарып, Белокаменка ауылынан оқушылар қатынап оқыған.
40 жыл аз емес, көп те емес, 40 жылда талай ауыз толтырып айтарлық тарихи оқиғалар көптен-көп, 1979 жылы Ключевое ( қазіргі Қайнарлы) ауылында 640 оқушыға арналған орта мектеп ғимараты салынып,1981 жылы мектеп қабырғасында интернат ашылып , шалғай орналасқан мал баққан малшылардың 80 баласы тұрып оқыды.1985жылы интернат жабылып, балалар басқа мектептерге ауыстырылды.
Жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты бірыңғай кабинеттік жүйе енгізілді. Осыдан жаңа мектеппен жаңа тарих бастау алды.
Ал мектеп неден басталады, әрине, мектеп директорынан.Мектепті 1979 жылдары Рыспекова Матыш Рысбековна басқарып,алғашқы мектеп қабырғасында 16 түлек білім алып шықты. Жаңа мектепте Матыш Рысбековнамен бірге тәжірибелі ұстаздар қызмет атқарды , атап айтсақ Укеев Габбас Қожабекович, Храмко Михаил Артемьевич,Железнова Лидия Ивановна , Даиров Боранбай Мухтарбаевич,Даирова Айғайша Уфимовна,Нурхатова Шайгуль Шахисламовна.
1980-1983 жж. Манасов Жибеген Жансерикович мектеп директоры болып жұмысын атқарып 1980-1981,1981-1982 оқу жылын 25 түлек бітіріп шықса,1982-1983 оқу жылын 19 түлек аяқтады.

1983-1984 жылдары Абишев Советхан Абишевич басқарып,17 түлек мектепті тамамдады,1984-1985 жылдары Шматко Владимир Ильич басқарған, өкінішке орай бұл кісі туралы ешқандай мәлімет табылмады.
1985 жылдың 24 қаңтардағы № 1 бұйрықпен Кузьминова Алевтина Дмитрьевна мектеп директоры болып тағайындалды.Басқару барысында Алевтина Дмитрьевна тәрбие жұмысына көп көңіл аударып мектебіміз аудан көлемінде талай жетістіктерге жетті,атап айтсақ , 1986 мектеп оқушысы Акимбаева Айгуль өлкетану жұмысының қорытындысы бойыншы облыстық кезеңде жеңіске жетіп , мектепке токарлық станок берілсе, оқушының өзіне телевизор сыйлыққа берілді, жетекшілері Бектасова Р.Х. және Ашимова С.О.
1987 жылы жолдасы Кузьминов Геннадий Васильевич ауданадағы жаңадан ашылған мектепке директор болып тағайындалған соң, бұл кісі де аудан орталығындағы балабақшаға меңгеруші болып ауыстырылды.

1987 жылдың қыркүйегінен бастап мектеп директоры болып Ахметова Айман Оразовна қызметін атқарды.Басқа жұмысқа ауысқанына байланысты ол кісі жұмыстан босатылды, ал 1993 жылдың 14 қырыкүйектегі № 69 бұйрық негізінде Жексембеков Рустемхан Ануарханович қызметін атқарып , аудандық білім бөлімінін 1994 жылғы 07 сәуірдегі №11 бұйрығы негізінде басқа мектепке ауысқанына байланысты жұмыстан босатылды.

1994 жылдың 07 сәуірдегі аудандық білім бөлімінің № 34 бұйрығына сәйкес мектеп директоры болып Ахметова Айман Оразовна тағайындалды.Айман Оразовна басшылығымен мектепте білімді мамандар қызметін атқарды ,атап айтсақ Даирова Айғайша Уфимовна, Нурхатова Шайгуль Шахисламовна,Абылкаирова Нурзиля Сламбековна.Өз өтініші негізінде аудандық білім бөлімінің 1995 жылғы 14 тамыздағы № 37 негізінде жұмыстан босатылып,1995 жылдың 15 тамызы № 38 бұйрық негізінде мектеп директоры болып Жумагулова Марат Исабаевич тағайындалды.
1997 жылдың шілде айынан бастап мектеп директоры қызметін Андаспеков Қайрат Баймуханович атқарды.Аудандық білім бөлімінің 1998 жылғы 16 шілдедегі № 120 бұйрығына сәйкес Андаспеков Қ.Б. Троицк орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып ауыстырылып,аудандық білім бөлімінің бұйрығымен 16 шілдеден бастап мектеп директоры болып Мешелев Рымқұл Абдрашевич тағайындалып ,2002 жылдың қыркүйек айына дейін қызмет жасады.
2002жылдың қырқүйек айынан бастап мектеп директоры болып Салқынбеков Ғани Нуржанович тағайындалды,2004 жылдың қыркүйек айында мезгілсіз көлік апатынан қайтыс болып, мектеп директоры болып Торғаев Ермек Нұраханович тағайындалып, 2006 жылы аудандық спорт мектебінің директоры болып тағайындалған осы 2006 жылдан бастап мектепті Дюсебаев Берик Оналбаевич басқарды. 2009 жылдың желтоқсан айында Дюсебаев Б.А. аудандық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалған соң,2010-2012 жылдар аралығында мектепті Естибаев Нариман Естибаевич басқарды.2012-2014 жылдар аралығында Мешелев Рымқұл Абдрашевич басқарып,2014 жылы Балпық би атындағы орта мектепке мектеп директоры болып ауыстырылды, 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Имандосов Бакыт Досымханович ұжымды басқарып келеді.
Қазақстан Республикасы 2000 жылдың 31 тамыздағы № 1325 «Оқу орындарының атаулары жөніндегі»Үкімінің негізінде Алматы облысы,Ескелді ауданы,Қайнарлы ауылындағы «Д.Фурманов атындағы орта мектеп» «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп» болып аталды. Ендігі сөз жарты ғасыр бойы аылда тұрып,ардагер ұстаз бола
жүріп, қаламын сорғытпай өлең жазған ауыл қаламгері Ғаббас
Өкеев жайлы болмақ..
Ғаббас Өкеев 1926 жылы, қараша айында дүниеге келген. Жетісу
өңірі- оның кіндік кескен жері. Ауасын жұтып, суын ішіп,
өмірінің бар қызығы мен шыжығын да көріп келе жатқан жері
болды. 1954 – 55 жылдары Панфилов педучилишесін тәмәмдап,
КазПИде сырттай оқыған. Жерлес ақын 1944-1950 жылдары әскер
қатарында болып, Шығыс майданына қатысқан. Өлеңді 1950
жылдан бері жазып келеді. 1985 жылы «Көксүңгі» атты тұңғыш жинағы «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1992 жылы «Балауса» баспасынан «Кішкентай Мырқымбайлар» жарық көрді.
Ғаббас Өкеев – табиғат сұлулығын, өзі туып өскен Жетісу келбетін сомдаудан алдына жан салмаған ақын. Бұл тұстарда ол желмаядай желіп, қырандай қалықтап, өлеңнен өрнек жасайды, жырдан кесте тігеді. Көздің жауын алатын не бір сиқырлы бояулар табады. « Ғаббас ақын шынында да ой-өресі кең абзал азамат еді, табиғатында биязы мінезді болғанымен, қоғамдағы, өмірдегі келеңсіз жайларға жаны төзбей, ашық та, батыл ой айта білетін Ұлы Отан соғысының ардагері, ел басына ауыр күн туғанда елін қорғап, қан кешіп келген ерлердің бірі еді» дейді көз көргендер.
Жарты ғасырдай ой-толғамдарын қағаз бетіне түсіріп жүрген қадірлі ағамыз 2000 жылғы желтоқсан айында 74 жасқа қараған шағында қайтыс болады.
2004 жылы ауылдағы орталық көше ақын атымен Ғаббас Өкеев көшесі болып ауыстырылды.
Кітап жазар алдында мектеп ұжымы көптеген ауқымды жұмыстар атқарды: көп жылдар бойы мектебімізді басқарған директорлар туралы мәліметтер жиналды, ардагер ұстаздармен кездесулер өтті, олардың ой-пікірлері жинақталды, ел қатарлы еңбек етіп, мақтан ететін түлектермен кездестік.
Ұжым болып талмай ізденудің арқасында келісті де жемісті, мақсатты да нәтижелі, болашақтағы ұрпаққа өнеге болатындай , ары қарай тарихымыз жалғасар деген үмітпен осы кітап жарық көріп отыр.
Мектеп тарихы- бұл балалық шақ туралы естелік.Мектеп тарихы - ғұмырын мектепте өткізетін ұстаз туралы естелік.Мектеп өмірі балалармен және олардың қалай оқығандығы , өздерінің мерекелік шараларын қалай өткізгендігімен байланысты.