Сенбілік » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты,Қоржынбай бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты, Қоржынбай бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2023

Сенбілік

Бүгін 01.04.2023 күні   Қаблиса жырау атындағы орта мектебінің ұжымы Республика бойынша өтіп жатқан сенбілікке өз үлесін қосты. Тазалық-табалдырықтан басталады  демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау-әрбір азаматтың басты міндеті.Тазалықты жанына серік еткен  мектеп ұжымы сенбілікке бір кісідей атсалысып, әрбіріне берілген  мектеп айналысына  тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.Қоқыс қалдықтары шығарылды,мектеп айналысындағы ағаш түптері ағартылып,толықтай тазартылды.Сенбілік-қоршаған ортаны таза ұстауға,экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді.Бүгінгі Қаблиса жырау мектебінде өткен сенбілік ұжымға ерекше көңіл күй сыйлады.