11
февраль
2022
Семинар практикум өтті
04.02.2022 жылы мектеп директорының әдістемелік жөніндегі орынбасары ұйымдастырған "Пиза халықаралық зерттеу форматындағы функционалдық сауаттылықты дамыту" бойынша семинар практикум өткізілді. Семинар барысында мектеп тренері Г.Джабынаева пиза тапсырмалары оқу сауаттылығы бойынша түсіндірме жұмыстарымен таныстырды. ІІІ деңгейлік мұғалім, география пәнінің мұғалімі М.Алпарова пиза тапсырмаларын құрды және қысқа мерзімді жоспарға енгізді. Мектеп әдіскері М.Бодауов гугл формасы бойынша пиза тапсырмаларын құрумен және тест жасау жолдарымен таныстырып өтті. Аталған іс-шараға 15 мұғалім қатысты.