2023 жылғы ақпан айының 17 күні оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты,Қоржынбай бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты, Қоржынбай бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2023

2023 жылғы ақпан айының 17 күні оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын  анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Қаблиса жырау  орта мектебінде білім алушылар саны-181, оның ішінде бүгінгі күнде ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар саны-84. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. 1-4 сыныптар асханаға екінші сабақтан кейін 10 минуттық үзілісте тамақтанса, 5-11 сыныптар асханаға үшінші сабақтан кейін 10 минуттық үзілісте тамақтануға барады. 
Күн сайын тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен бір күндік ас мәзірі ілген және оған сәйкес тағамдардың салмағы мен калориясы өлшеніп жазылған, ондағы тағамдардың салмағы мен калориясының ас мәзірдегі жазбаға сәйкес келетіндігі анықталды.