Сыбайлас жемкорлыққа қарсы курес » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты,Қоржынбай бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты, Қоржынбай бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
март
2022

Сыбайлас жемкорлыққа қарсы курес

«Ескелді ауданы әкімдігінің Қаблиса жырау атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспары бойынша атқарылған іс - шаралар жайлы ақпарат
2021-2022 оқу жылы
Мектепте оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамалар маңызды шаралардың бірі болып табылады. Аталған бағытта жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Атап айтсақ, 5 -10 сыныптар арасында «Адал, сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, өте жақсы салынған сурет иегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды. 8-9 сыныптар арасында «Адал болайық!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді. 5-6 сыныптар арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөздермен басталды. «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» тақырыбында 10«А», 9 «А» сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізіліп, оқушылар арасында қызу пікірталас болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметі ерекше екендігін атап өту қажет. «Адал ұрпақ» клубы мүшелері мен мектеп психологтарының бақылауымен үнемі «Сенім телефоны» және «Сенім жәшігінің» қызметі ұйымдастырылған. Сондай-ақ, «Адалдық сағаты» айдарымен аталған тақырыпта тәрбиелік шаралар да орын алуда. Солардың бірі – «Адалдық пен әділдіктің негізін қалаушы – Төле би» тақырыбындағы адалдық сағаты.