Күзгі демалыс » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты,Қоржынбай бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаблиса жырау атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын-орталығымен және Ақтасты, Қоржынбай бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
ноябрь
2022

Күзгі демалыс

Қаблиса жырау атындағы орта мектебінің 5"а"сынып оқушыларына күзгі демалыс уақытында "Менің атым Қожа"фильмі көрсетілді.Мақсаты: фильм бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету, өзіндік ой қорыта білу, қабілетін жетілдіру, ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Қазақ кино өнерінің майталманы, режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінің жарыққа шықққанына биыл 50 жыл. Балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаев шығармасының желісімен түсірілген бұл фильм қанша жыл өтсе де көрерменнің сүйікті фильмдерінің бірі.